X

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Оттавада Қазақстан мәдениетін таныстырды

23.12.2025

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Оттавада Қазақстан мәдениетін таныстырды

2026 жылғы 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «FORTE TRIO» триосы Алжир Халық Демократиялық Республикасының Алжир және Оран қалаларында концерттер өткізді.
Гастрольдік тур Қазақстан мен Алжир арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналды және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталды.
Сапар аясында ұжым әлемдік және қазақ музыкалық классикасының туындыларынан құралған концерттік бағдарламаны ұсынды. Концерттер Қазақстан Республикасының Алжирдегі Елшілігі мен Алжирдің Мәдениет және өнер министрлігінің қолдауымен өтті және көрермендер мен мәдени қауымдастық өкілдері тарапынан жоғары бағаланды. Жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын қабылдаушы тарап – «Дегдар» қоры қамтамасыз етті.

Поделиться в соц. сетях: