X

«Қазақконцерт» әртістері Қытайда өнер көрсетті

29.03.2026

«Қазақконцерт» әртістері Қытайда өнер көрсетті

«Қазақконцерт» әртістері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қытай астанасы Бейжің қаласында өнер көрсетті.

Бейжіңнің ең ірі орталық саябағы — Чаоян саябағында өткен «NAURYZFEST» іс-шарасында мекеме әртістері ұлттық өнеріміздің озық үлгілерін ұсынды. Концерттік бағдарламада Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса, Манарбек Ержанов, Латиф Хамиди, Абай, Нұрғиса Тілендиев және басқа да қазақ музыкасының көрнекті өкілдерінің шығармалары орындалды.

Қытайда өткен бұл концерт мәдени іс-шаралар қатарындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Көрермендер өнерпаздардың кәсіби шеберлігіне ерекше ықылас танытып, әрбір орындауды зор ықыласпен қабылдады. Кеш соңында жиналған қауым әртістерге ұзақ уақыт қол соғып, ерекше құрмет көрсетті. Іс-шараны 5000-нан астам көрермен тамашалады.

Мерекелік кешке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әділхан Макин, Ардақ Елеусіз, Аяулым Қамажан, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Елемес, Жаслан Кәрім, Ибраһим Амин, Лаура Кумарханова, Тоғжан Үмбет, Аққанат Смағұлова, «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және «GULDER» ансамблінің балеті қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстан мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Поделиться в соц. сетях: