«Қазақконцерт» әртістері Қатардағы Қазақстан мәдениет күндеріне қатысты
08.02.2026
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетінің Доха қаласында өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет күндері аясында «Бірлік» би ансамблі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталған мәдени бағдарламаға қатысты.
Іс-шаралар барысында ұжым қазақ хореографиялық өнерінің үздік үлгілерін ұсынып, Қазақстанның ұлттық мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің және шығармашылық мұрасының байлығын танытты. Ансамбльдің өнер көрсетуі көрермендердің зор қызығушылығын тудырып, қазақстандық өнерді халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етті.
Мәдениет күндеріне қатысу шетелдік серіктестермен кәсіби байланыстарды нығайтуға, мәдени диалогты кеңейтуге және қазақстандық өнердің шетелдегі танымалдығын арттыруға мүмкіндік берді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз