«Қазақконцерт» әртістері Венадағы Түркі апталығының гала-концертіне қатысты
13.01.2026
2026 жылғы 11–15 қаңтар аралығында «Бірлік» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Марабаева Әнел Темірланқызы Австрия Республикасының Вена қаласында өткен «Түркі апталығы» жобасына қатысты.
Іс-шара бағдарламасы аясында мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, түркі мемлекеттерінің шығармашылық ұйымдары өкілдері арасындағы кәсіби байланыстарды дамытуға, сондай-ақ қазақстандық өнерді халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған мәдени және шығармашылық кездесулер өткізілді.
Жол жүру шығындары мен тәуліктік шығыстар «Қазақ әуендері» АҚ қаражаты есебінен төленді, ал тұру шығындарын қабылдаушы тарап – Түркі мемлекеттері ұйымы қамтамасыз етті.
Көрермендер саны – 400 адам.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз