X

Қазақконцерт әртістері Ыстанбұлда Қазақстанның мәдени мұрасын таныстырды

24.12.2025

Қазақконцерт әртістері Ыстанбұлда Қазақстанның мәдени мұрасын таныстырды

Ыстанбұл қаласында Қазақстанның дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған «Қазақконцерттің» концерттік бағдарламасы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен және «Қазақконцерт» шығармашылық ұжымының қатысуымен ұйымдастырылды.

Концерттің негізгі мақсаты – түрік жұртшылығын Қазақстанның бай музыкалық мұрасымен таныстыру, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және қазақтың ұлттық өнерін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау болды. Іс-шара аясында көрермендерге халық әндері, күйлер және этно-заманауи музыкалық шығармалар ұсынылды.

Концерттік бағдарламаға Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері – Нұрболат Арзамасұлы, Перизат Тұрарова, Жанту Дадабаев және Ақерке Тәжібаева қатысты. Әрбір орындаушы өз репертуарында ұлттық болмысты, тарихи сабақтастықты және заманауи музыкалық формаларды үйлестіре отырып, көрермендерге жарқын мәдени әсер сыйлады.

Өткен іс-шара тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық бірегейлігін және мәдени көптүрлілігін халықаралық аудиторияға таныстыруға ықпал еткен маңызды мәдени алаңға айналды.

Поделиться в соц. сетях: