X

«Астана Сазы» ансамблі Лондондағы World Travel Market 2025 көрмесіне қатысты

06.11.2025

«Астана Сазы» ансамблі Лондондағы World Travel Market 2025 көрмесіне қатысты

2025 жылғы 4–6 қараша аралығында «Астана Сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Лондон қаласындағы World Travel Market London 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысып, ExCeL London көрме орталығында өнер көрсетті. Аталған іс-шара туризм саласындағы әлемдегі ең ірі әрі беделді алаңдардың бірі болып табылады және жыл сайын мыңдаған елдер мен халықаралық компаниялардың өкілдерін біріктіреді.

Көрме аясындағы мәдени бағдарлама шеңберінде ансамбль Қазақстан Республикасының ұлттық музыкалық өнері мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұжымның өнер көрсетуі шетелдік аудиторияның, туристік компаниялар мен ресми делегациялар өкілдерінің зор қызығушылығын тудырып, еліміздің халықаралық деңгейдегі оң имиджін қалыптастыруға ықпал етті.

Ансамбль репертуарында қазақтың халық музыкасы, аспаптық шығармалар мен вокалдық туындылар орындалып, ұлттық мәдениеттің байлығы мен өзіндік ерекшелігі кеңінен таныстырылды. Әртістер жоғары кәсіби деңгейін, сахналық мәдениетін және орындаушылық шеберлігін көрсетті. Өнер көрсету көрме қонақтары мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды.

«Астана Сазы» ансамблінің World Travel Market London 2025 халықаралық көрмесіне қатысуы ұлттық өнерді ілгерілетуге, халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға және мәдени-туристік ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды үлес қосты.

 

 

Поделиться в соц. сетях: