X

Олжас Нұрлановтың жеке концерті

Күні: 25.08.2026 Уақыты: 20:00 Зал: Камералық зал

2026 жылғы 25 тамыз сағат 20:00-де, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Орталық концерт залында «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы аясында қазақстандық баянист, 74-ші халықаралық «Coupe Mondiale» байқауының бірінші орын иегері, баянист Олжас Нұрлановтың концерті өтеді. 
Кеш барысында Иоганн Себастьян Бахтың Чаконасы, Доменико Скарлаттидің сонаталары, Михаил Глинка – Милий Балакиревтің «Жавороногы», Никколо Паганини – Ференц Лист – Ферруччо Бузони – Фридрих Липстің «Кампанелласы», Роберт Шуман – Карл Таузигтің «Контрабандисті», Сергей Рахманиновтың «Вокализі», Александр Холминовтың «Осенняя мелодиясы» және Петр Чайковскийдің «Времена года» циклінен «Август» шығармасы орындалады.
Концерт бағдарламасының ерекше бөлігін қазақ композиторларының шығармалары құрайды. Көрермен назарына С. Абдинуровтың «Фараб-Отырар», «Арыстанбаб» туындылары мен Н.Меңдіғалиевтің «Поэма-легенда о домбре» шығармасы ұсынылады. Кеш бағдарламасында сондай-ақ Жорж Бизе – Владимир Горовицтің әйгілі «Кармен-вариациялары» да бар.
Әлемдік классика мен қазақ музыкасын бір арнада тоғыстыратын концерт баян аспабының көркемдік және техникалық мүмкіндіктерін, орындаушының виртуоздық шеберлігі мен өзіндік орындаушылық мәнерін танытатын мазмұнды музыкалық кеш болмақ.
Атйа кетейік, Олжас Нұрлановтың сольдік концерті «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауының концерттік бағдарламасындағы айтулы кештердің бірі. Әлемнің үздік баянистері мен аккордеоншылары бас қосатын халықаралық дода аясында қазақстандық өнерпаздың өнерін бірге тамашалауға шақырамыз!

Поделиться в соц. сетях: