МУЗЫКА ТІЛІНДЕ
Күні: 04.10.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал
Қазақконцерт Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің үрмелі аспаптар ансамблі ұсынатын «Музыка тілінде» концертіне шақырады.
Дүниежүзілік музыка күніне орай өтетін кеш музыканың адамдарды, мәдениеттерді, дәуірлер мен көркемдік дәстүрлерді тоғыстыратын әмбебап тіл екенін айшықтайды. Концерт бағдарламасында ұлттық музыканың бояуы мен әлемдік классиканың көркемдік дәстүрі үрмелі аспаптардың ерекше үні арқылы үндеседі.
Кеш бағдарламасында Клод Боллингтің флейта мен джаздық фортепиано триосына арналған сюитасы орындалады. Классикалық музыка мен джаз элементтерін үйлестіретін туынды флейта, фортепиано, контрабас және ұрмалы аспаптардың орындауында ұсынылады.
Сондай-ақ көрермен назарына Ришар Гальяноның «Клодқа арналған танго» шығармасы ұсынылады. Кларнет пен аккордеонның орындауындағы туынды тангоның айшықты ырғағы мен заманауи музыкалық мәнерді үйлестіреді.
Кештің басты ерекшеліктерінің бірі – қазақ халық әндерінің ағаш үрмелі аспаптар квинтетіне арнайы өңделген нұсқаларының алғаш рет орындалуы. Флейта, гобой, кларнет, валторна және фаготтың үйлесімді үні арқылы ұлттық әуендер тыңдарманға жаңа музыкалық бояумен ұсынылады.
Концерт солисі – Хадиша Елубаева.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің үрмелі аспаптар ансамблінің орындауындағы «Музыка тілінде» концерті – ұлттық әуен мен әлемдік музыкалық дәстүрді, классика, джаз бен тангоны бір сахнада тоғыстыратын ерекше кеш.
Музыканың шекарасыз тілін бірге сезінуге шақырамыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз111