БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ: «Күй шежіре»
Күні: 25.04.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт белгілі күйші, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтағанның 80 жас мерейтойына орай «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» - күй шежіре концертін ұсынады.
«Біздің жәрмеңке - күй шежіре» концерті - қазақтың күй өнері мен ұлттық мұрасын дәріптейтін рухани кеш. Іс-шара барысында дәстүрлі күйлер орындалып, көрерменге терең тарих пен тағылымға толы әсерлі музыкалық бағдарлама ұсынылады. Бұл кеш күй өнерінің құдіретін танытып, ұлттық мәдениетіміздің бай шежіресін насихаттайтын мәдени шара.
А.Тоқтаған Қали Жантілеуов, Шамғон Қажығалиев, Құбыш Мұхитов, Бақыт Қарабалина сияқты белгілі күйші-композиторлардан тәлім алған. Өзі де көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық жолында мол тәжірибе жинаған білікті педагог. Ол сондай-ақ, қазақтың күй өнерін жан-жақты зерттеген Ахмет Жұбанов пен жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбектің ғылыми дәстүрін жалғастырушы тұлғалардың бірі.
Сан жылдық еңбегінің нәтижесінде күй тарихын зерттеп бірнеше ғылыми еңбектер мен кітаптар жазды. Әсіресе бұрын нотаға түспеген күйлерді хатқа түсірді. Сонымен қатар «Күй тәңірдің күбірі», «Күй керуені», «Атыраудың 62 Ақжелеңі» күй жинақтары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы.
Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері және дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген еліміздің танымал өнерпаздары қатысады.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз