БАУЫРЖАН ИСАЕВ: «Аяулым»
Күні: 01.05.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт танымал әнші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Исаевтың шығармашылығына 30 жыл толуына арналған «Аяулым» атты музыкалық кешін өткізеді.
Бағдарламада белгілі композиторлар Төлеген Мұхамеджанов, Ескендір Хасанғалиев, Еркеш Шакеев, Кеңес Дүйсекеев, Арман Дүйсенов, Сейдолла Бәйтереков шығармалары, сондай-ақ Шөмішбай Сариев пен Қадыр Мырзалиевтің өлеңдеріне жазылған әндер эстрадалық-симфониялық оркестрдің және хордың сүйемелдеуімен ұсынылады.
Сондай-ақ, бағдарламада әлемдік классикалық кроссовер, поп, дәстүрлі эстрада және қазақ музыкасы үйлесім табады. Көрермен қазақ және орыс тілдеріндегі шығармаларды тыңдап, әлемдік музыканың танымал әндерін жаңа қырынан тамашалай алады.
Іс шараға Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева және Нағима Есқалиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, сондай-ақ, танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Асқар Жайлаубаев, Жәнібек Сапаров және ҚР Ұлттық ұланны ерлер хоры қатысады.
Бауыржан Исаев көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдесін жеңіп алған. Атап айтқанда, «Арай» жас орындаушылар және «Азия дауысы» халықаралық байқауларының Гран-при иегері, «Жас қанат», «Памуккалле», (Түркия, Денизли қ.), «Славян базары» және Шанхайда өткен халықаралық орындаушылар байқауларының дипломанты атанды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз