X

РОЗА БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БІРІНШІ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

20.04.2026

РОЗА БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БІРІНШІ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен еліміз бен алыс-жақын шет мемлекеттерден келген ең үздік вокалистердің басын қосқан Халық Қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсын ұйымдастыруда.

Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған өнер додасына Қазақстанның әр өңірінен және Түркия, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 150 қатысушы өтінім жолдады.

Өтінім қабылдау кезеңі 2026 жылғы 8 сәуірде аяқталды. 8-17 сәуір аралығында ұйымдастыру комитеті мен шығармашылық кеңес мүшелері барлық өтінім берген үміткерлердің өнерін тамашалап, І кезең (онлайн формат) іріктеуін аяқтады. Конкурстың ережесіне сай, екінші кезеңге 20 қатысушы өтті.

Қазылар алқасы бірінші кезеңнен өткен қатысушыларды 13 мамыр күні офлайн форматта өтетін II кезеңде бағалайды.

Байқау 14 мамыр күні сағат 19:00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен Қазақконцерт әртістерінің қатысуымен өтетін Гала-концертпен тәмамдалады.

 

Екінші кезеңге өткен үміткерлер тізімі:

 

Аты-жөні

Облысы, қаласы, оқу орны, қызметі

 
 

1.

Жанұзақова Нарғыз Қуанышқызы

Астана қ.

К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті

 

2.

Троян Инна Владимировна

Беларусь Республикасы, Гродно қ.

«Территория успеха» білім беру орталығы

 

3.

Сүлеймен Олжасұлы

Астана қ.

 

4.

Алиева Мухаддас Уснаддиновна

Ташкент қ.

Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы жанындағы Б. Закиров атындағы Ұлттық эстрада өнері институты

 

5.

Байжігіт Аян Ержігітұлы

Алматы қ.

 

6.

Рудт Альбина Андреевна

Астана қ.

 

7.

Урумбаев Медет Оразбаевич

Алматы қ.

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы

 

8.

Мамытова Эльвира Дулатқызы

Алматы қ.

Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирктік колледжі

 

9.

Отан Парасат

Астана қ.

 

10.

Олжас Оспан

Семей қ.

Ә. Қашаубаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы

 

11.

Бисембай Аружан Жанбулатқызы

Орал қ.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

 

12.

Алимханов Сакен  Ерланұлы

Астана қ.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі

 

13.

Жұмабаев Айдын Шалқарұлы

Астана қ.

Астана мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрі

 

14.

Aynaz Rahimzadeh

Иран

Gazi университеті

 

15.

Қабидолла Дания Қонайқызы

Павлодар қ.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

 

16.

Ибрагимова Нариза Ерікқызы

Астана қ.

К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті

 

17.

Құдайберген Нұрсұлтан Маратұлы

Шымкент қ.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

 

18.

Хамитова Мадина

Астана қ.

Париж музыка колледжінің түлегі

 

19.

Желдибаева Меруерт Талгатовна

Астана қ.

К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті

 

20.

Заушева Айлун

Тараз қ.

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы

 

Поделиться в соц. сетях: