X

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ГАСТРОЛЬДІК КОНЦЕРТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ

19.05.2026

«Халық әуені» жобасы аясында еліміздің танымал өнер жұлдыздары және «BIRLIK» би ансамблі көрерменмен жүздесуге Түркістан облысына гастрольдік сапармен келеді.

Сахнада Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрболат Арзамасұлы, Ардақ Балажанова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрсезім Саматқызы, Ибраһим Амин, Асылхан Шалқар, Жанна Сандыбаева және «BIRLIK» ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.

Гастрольдік концерттер Шәуілдір ауылында, Арыс қаласында және Темірлан ауылында ұйымдастырылады.

Концерт кестесі:

21.05 | 16:00
Отырар ауданы / Шәуілдір ауылы
Отырар аудандық мәдениет сарайы

22.05 | 17:00
Арыс қаласы
Арыс мәдениет үйі

23.05 | 15:00
Ордабасы ауданы / Темірлан ауылы
Ордабасы мәдениет үйі

Кіру тегін!

Поделиться в соц. сетях: