X

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ

19.05.2026

«Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры Қызылорда облысына гастрольдік сапармен келеді.

Көрермендерді қазақтың асыл қазынасына айналған халық әндері, әлемдік мюзиклдердің үздік туындылары және көпшілікке танымал музыкалық шығармалардан құралған әсерлі концерттік бағдарлама күтеді.

Гастрольдік сапар Байқоңыр қаласында, Әйтеке би кентінде және Арал қаласында өтеді.

Концерт кестесі:

21.05 | 17:00
Арал қаласы
Арал аудандық мәдениет үйі

22.05 | 16:00
Қазалы ауданы / Әйтеке би кенті
Р. Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы

23.05 | 17:00
Байқоңыр қаласы
«Сатурн» кино-концерт залы (К. Шахназаров атындағы)

Кіру тегін!

Поделиться в соц. сетях: