X

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ

19.05.2026

«Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында эстрадалық өнер бөлімі және «SAZ&SOUL» вокалдық-аспаптық ансамблінің қатысуымен ерекше концерттік бағдарлама өтеді.

Кеш барысында қазақ және заманауи эстраданың таңдаулы туындылары ұсынылып, ұлттық музыка мен қазіргі сахналық өңдеудегі шығармалар үйлесім табады. Сондай-ақ бағдарламада Мұхамеджанов, Тілендиев, Қалдаяқов, Дүйсекеев, Бейсеуов және басқа да композиторлардың әйгілі әндері мен халық әндері орындалады.

Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс» орденінің иегері Нұрлан Өнербаев, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары Нұрай Шеру, Сұлтан Ахмет, Ербол Тәжібаев, Қуандық Шалқарұлы, Ақбөпе Әділбекова, сондай-ақ вокалдық-аспаптық ансамблі «Saz&Soul» өнер көрсетеді.

Концерт кестесі:

21 мамыр | 17:00
Абай ауданы / Абай қаласы
Абай аудандық мәдени-бос уақыт өткізу орталығы

22 мамыр | 16:00
Бұқар-Жырау ауданы / Ботақара кенті
Бұқар-Жырау аудандық мәдениет үйі

23 мамыр | 16:00
Қарқаралы ауданы / Қарқаралы қаласы
Ш. Жандарбекова атындағы Қарқаралы мәдени-сауық орталығы

Кіру тегін!

Поделиться в соц. сетях: