X

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ

19.05.2026

«Халық әуені» концерттік-гастрольдік тур жобасы аясында Атырау облысында «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті өтеді.

Кеш бағдарламасында заманауи өңдеудегі танымал күйлер мен әуендер орындалып, халық аспаптарының дәстүр мен заманауи музыканы үйлестірген әуезді үні көрерменге жол тартады.

Сахнада ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Ерболат Шылдыбеков, Айзат Қарабек, Құмарбек Қалқатай, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Ардақ Елеусіз, Күнсұлу Түрікпен, Әділхан Макин, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Дарын Құдайберген, Аяулым Жумкенова, Жаслан Кәрім, Тоғжан Үмбет, Нұркен Якиев, сондай-ақ «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

Концерт кестесі:

21 мамыр | 17:00
Махамбет ауданы / Махамбет ауылы
«Өнерпаз» аудандық мәдениет үйі

22 мамыр | 15:00
Мақат ауданы / Мақат ауылы
Мақат аудандық мәдениет үйі

23 мамыр | 15:00
Құрманғазы ауданы / Құрманғазы ауылы
С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйі

Кіру тегін!

Поделиться в соц. сетях: