X

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ

19.05.2026

«Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында көрерменге ұлттық өнердің інжу-маржандарын ұсынатын «Халық қазынасы» концерттік бағдарламасына шақырамыз!

Осы рухани кеште қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерімен бай мәдени мұрасы ұсынылады.

Сахнада ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Салықов, Клара Төленбаева, Қайрат Айтбаев, Мәдениет саласының үздіктері Перизат Тұрарова, Еділ Басығараев, Бауыржан Мұхаметбай, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Асқар Мұқият пен Аяулым Қамажан, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дәрия Бекпенбет, Айдос Саниязбекұлы, Әлихан Дүйсенбай, Дильназ Жанбырбай, Ғаламат Бейсеқожа, Айбол Ерлік, Біржан Айтахмет, Диана Алтайқызы өнер көрсетеді.

Көрермендерді ұлттық өнермен үндесіп, рухани кештің атмосферасын бірге сезінуге шақырамыз!

21 мамыр | 16:00
Хромтау ауданы / Хромтау қаласы
Хромтау аудандық мәдениет орталығы

22 мамыр | 19:00
Мұғалжар ауданы / Қандыағаш қаласы
Аудандық мәдениет үйі

23 мамыр | 18:00
Мәртөк ауданы / Мәртөк ауылы
Мәртөк аудандық мәдениет үйі

Кіру тегін!

Поделиться в соц. сетях: