«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ГАСТРОЛЬДІК КОНЦЕРТ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ
19.05.2026
«Халық әуені» жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерттің» әйгілі «GULDER» ансамблі және танымал өнер жұлдыздары Маңғыстау облысына гастрольдік сапармен келеді.
Сахнада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Толғанбай Сенбаев, Ақбота Керімбекова, Құрмаш Махан, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Алмади, халықаралық байқаулардың лауреаттары Камила Шкибаева, Дидар Абдухалық, Нұрсәулет Әмре, Аққанат Смағұлова, Сания Сакенова, Ақерке Тәжібаева және «GULDER» ансамблінің балет тобы өнер көрсетеді.
Көрермендерді жанды дауыс, ұлттық нақыштағы хореография және сүйікті әндерден құралған әсерлі концерттік бағдарлама күтеді. Барша өнерсүйер қауымды кешті бірге тамашалауға шақырамыз.
Концерт кестесі:
21.05 | 16:00
Түпқараған ауданы / Форт-Шевченко қаласы
Түпқараған аудандық мәдениет үйі
22.05 | 19:00
Жаңаөзен қаласы
«Мұнайшы» мәдениет үйінің алаңы
23.05 | 16:00
Қарақия ауданы / Құрық ауылы
Қарақия аудандық мәдениет үйі
Кіру тегін!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз