X

«Қазақконцерт» сахнасында Балаларды қорғау күніне орай «Алдар көсе» мюзиклі қойылды

01.06.2026

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Алдар көсе» мюзиклі қойылды.

Ұлттық фольклордың жарқын кейіпкері Алдар көсе жас көрерменнің көңілінен шықты.

Мерекелік іс-шара аясында «Қазақконцерт» әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларды арнайы шақырды.

Атап айтқанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары мюзиклді тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Мюзиклге келген балалар «Алдар Көсе» ертегісінің мәнін түсініп, музыкалық кешті тамашалады.

Поделиться в соц. сетях: