КӘСІБИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КАСТИНГ
25.08.2025
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы кәсіби жүргізушілерге кастинг жариялайды.
Сахна мәдениетін меңгерген, көрерменмен еркін тіл табыса алатын, шығармашылық ортада өзін көрсете білетін үміткерлерді іріктеуге шақырамыз.
Жүргізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
1. Сыртқы келбеті және сөйлеу мәнері
• Жас мөлшері: 21-40 жас
• Сырт келбетінің сымбатты болуы, ұқыптылық, сахналық пластика
• Әртістік қабілеті, өз-өзіне сенімділік, харизма.
• Дресс-кодқа сай болуы (классика, этностиль, кешкі формат).
2. Дауыс және дикция
• Дикцияның анық әрі таза болуы (сөйлеу кемшіліктерінсіз).
• Дауыс мәнерінің кәсіби деңгейде болуы, микрофонмен жұмыс істей білу.
• Дұрыс интонация, тембр, дауыс ырғағын меңгере білу.
• Әдеби тіл нормаларын білу (қазақ, орыс, мүмкіндігінше ағылшын тілі).
3. Коммуникативтік қасиеттер
• Көрерменмен (баладан ересекке дейін) тіл табыса білу.
• Импровизацияға бейімділік, күтпеген жағдайларда тез әрекет ету.
• Ашықтық, сыпайылық, әзіл-қалжыңды орнымен қолдану.
• Бірлескен жүргізушімен және әртістермен серіктестік қарым-қатынас орната білу.
4. Кәсіби дағдылар
• Жүргізушілік қызметтегі тәжірибесі (мүмкіндігінше, бірақ міндетті емес).
• Концерттік этика және іс-шаралар құрылымын білу (салтанатты, жастарға арналған, юморлық форматтар).
• Сценариймен де, еркін форматта да жүргізе алу.
• Мәтінді редакциялау, сценарий жаза білу.
• Концерт барысындағы тайм-менеджмент дағдылары.
5. Қосымша талаптар
• Билингвизм (қазақ + орыс, мүмкіндігінше ағылшын тілі).
• Сахнадан және камерадан қорықпау.
• Креативтілік, жаңа идея ұсынуға дайын болу.
6. Кастинг үшін
• Өзін таныстыру (қысқаша кіріспе сөз).
• Сценарийден үзінді оқу (әртүрлі эмоционалды реңктермен).
• Импровизация (күтпеген жағдайға реакция немесе көрерменмен тілдесу).
• «Қазақконцерт» шығармашылық ұжымына, әртістеріне қысқаша ақпарат (аннотация) дайындау.
Өтінімдер 12 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеу 15 қыркүйек күні өтеді.
Өтінімдер мен материалдарды sadu2002@bk.ru поштасына жіберу қажет.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз