X

Қазақконцерт солисі үздік атанды

06.09.2021

Қазақконцерт солисі, белгілі опера әншісі Азат Мәлік Ева Мартон атындағы халықаралық байқауда үздік атанып, ІІ орынды иеленді. Байқау әйгілі Ференц Лист атындағы академияның сахнасында өтті (Италия).


Белгілі вокалдық байқау 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазылар алқасының төрағасы – Венгрия елінің көрнекті әншісі (сопрано) Ева Мартон.

Верди, Штраус және Пуччинидің күрделі драмалық репертуарымен әлемнің барлық әйгілі опера театрларында өнер көрсеткен Ева Мартон бүгінде  әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас таланттарға қолдау көрсетуде.

Биыл аталған халықаралық байқауға қатысу үшін 250 өтінім жіберілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Нәтижесінде 12 үздік әртіс іріктелді. Финалда қатысушылар маэстро Балажа Кочара жетекшілік ететін Венгрия мемлекеттік опера театры оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Азат Мәлік Моцарт пен Верди операларының арияларын орындады. Қазылар алқасы Азаттың орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады.

Қазақконцерт ұжымы Азат Мәлікті өнердегі жаңа жетістігімен шын жүректен құттықтап, зор шығармышылық табыс тіледі.

Поделиться в соц. сетях: