X

«GULDER» ансамблі locking көше биі стилі бойынша шеберлік сабағын өткізді

28.04.2026

28 сәуір күні Қазақконцертте «GULDER» ансамблінің әртісі Мөлдір Нығметова locking көше биі стилі бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Locking – айқын, нақты қимылдарымен, әсерлі орындау мәнерімен және музыкалық ырғаққа дәл үйлесуімен ерекшеленетін жарқын әрі динамикалық бағыт. Шеберлік сабағы барысында қатысушылар осы стильдің негізгі элементтері мен техникасымен танысып, координацияны, ырғақты сезінуді және жеке орындау мәнерін дамытуға жұмыс жасады.

Шеберлік сабағы қатысушылардың би дағдыларын жетілдіруге бағытталып, оларға көше биі мәдениетіне тереңірек танысуға, тәжірибелік білім алып, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.

Поделиться в соц. сетях: