Үлкен концерттік зал
3 500 орынға арналған Үлкен концерттік зал өзінің бірегей сәулет және акустикалық сипаттарымен ерекшеленеді.
Бұл залды трансформер деп те атайды. Себебі жеке ілінетін перделер арқылы зал визуалды түрде кішірейе алады. Арнайы перде залдың жоғарғы деңгейі – галереяны, сонымен қатар үшінші деңгей – балконның бірнеше секторын бөліп тастайды. Осылайша 3 500 орынға арналған зал, оңайлықпен 2 000 орындық залға айнала алады. Қазақтың ұлттық домбыра музыкалық аспабы үлгісінде жасалған көрермен залы немесе атриум симфониялық немесе эстрадалық концерт, кинокөрсетілім өткізуге бейімделе алады.
Атриум ішкі және сыртқы жағынан акустикалық ерекшелікті айқындай түсетін арнайы ағашпен қапталған. Тіпті концерт залының едені жоғары тозуға төзімді арнайы паркетпен жасалған және аса бейнелі акустикалық бейімділікпен жатқызылған.
Залдағы ерекше орындарды бірі – сахна (ауданы 274 кв.м.). Ол екі бөліктен тұрады. Алдыңғы бөілігі оркестрге арналған және онда оркестр үшін арнайы шығатын есіктер бар. Сахнаның артқы бөлігінде хорға арналған 7 хор қабаты орналасқан. Оркестрлік шұңқырдың тереңдігі 4,5 м-ге жетеді. Сахнаны көпфункционалды, жалғыз дистанционды пульт арқылы бір адам басқара алады.
Сахнаның үстінде, оның ең орталық нүктесінде жалпы қуаты 25 киловатт «Renkus-Heinz» американдық фирмасының дыбыстық класстері орналасқан. Залдың периметрі бойынша 12 колонка орналасқан, олар дыбысты тура барлық фронт бойынша таратады және әр секторға жеткізеді.
Акустикалық жүйенің мақтанышы арнайы итальян технологиясы бойынша жасалған, міндеті әртүрлі бұрыш көлбеулерін ала отырып, концерттің акустикалық дыбысталуын толық жетілдіруге арналған 22 үлестіргіш-гүл жапырағы түріндегі реттегіштер де бар. Егер қабырғаға назар аударатын болсақ, онда арнайы акустикалық тартылу мен дыбысты кері итеру әсері бар қабырғалық перделерді көруге болады. Перделерді басқару арналған бағдарламасы бар жеке компьютер арқылы жүзеге асырылады. Дыбысты қабылдауды жақсарту үшін арнайы акустикалық қондырма концерт залының креслоларының төменгі жағында орналасқан.
14х8 метр көлемді кең форматты экранның бары бейнені кез келген форматта, соның ішінде ең алдыңғы қатарлы – Blue Ray форматында көрсету мүмкіндігімен әртүрлі кинокөрсетілімдер мен бейне-презентацияларды өткізуге арналған. Люкс санатты жарық құралдары 400 әртүрлі жарық конфигурацияларына ие және ең батыл жарық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
партер
бельэтаж
балкон
галерея
Үлкен залдағы техникалық құрал-жабдықтар (Классикалық концерттер үшін)
Дыбыс жабдықтары:
1) Орталық кластер (желілік массив) Renkus Heinz.
2) Сахналық мониторлар: Renkus Heinz - 2 дана
3) Радио – микрофондар: SENNHEISER EW 300 G3 - 3 дана
4) Микшерлік цифрлік пульт. Модель: Yamaha M7 CL
Мультикор 16 in - 8 out
CD-REC – Tascam - 2 шт
CD –плеер Tascam - 2 шт
Бейнежабдықтар:
1) «CHRISTIE 30-CK» (цифрлік) ПРОЕКТОР -1 дана
ЭКРАН. Өлшемі 14х8
2) DVD «TASCAM DV-DO1U» PLAYER (DV-D01U DVD жарамдылығы – DVD Video, DVD аудио (тек 2 канал) Video CD, CD-DA, MP3, WMA, WAV, JPEG, ASF, MPEG-2/MPEG-1 и DivX. DV-D01U шығарудың бірнеше тәртібін орындайды, оның ішінде баяу қозғалыс және кадрлық шығару бар. Linear Dolby Digital и DTS Digital Surround сәйкес келеді (дискретизация жиілігі - 32 кГц, 44,1 кГц, 48 кГц)
INTEL CORE 2 DUO 3.00 GHz компьютерінің параметрлері
Жарық құралдарының тізімі:
1) Статикалық құралдар:
IANIRO SOLARIS 2KW – 6 дана
IANIRO SOLARIS 1KW – 5 дана
Прожертор 1KW – 12 дана
2) Бақылаушы жарық прожекторы:
SPOTLIGHT Vedette 2500 – 2 дана
Барлық жарық құралдары 15 штанкетте орналасқан, әрқайсысының жүк көтергіш қабілеті- 200 кг.
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз