X
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі

Фото

Әртіс туралы

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Мемлекеттік оркестрдің құрамында қазіргі заманғы қазақстандық музыкалық өнерді халықаралық аренада насихаттап, камералық музыканың әлемдік дәстүрін жалғастырушы 90-ға жуық жоғары кәсіби музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары еңбек етуде.

Оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын шебер орындап, барокколық, классикалық және заманауи музыканы, қазақ композиторларының туындыларын, халық әндері мен күйлерінің өңделген нұсқаларын орындап жүр. Атап айтар болсақ, «Адажио для струнных» (С.Барбер), «Серенада» (П.Чайковский), «Венгерские танцы» (И.Брамс), «Вестсайдская история» (Л.Бернстайн), «Ноктюрн», «Реквием» (А.Дворжак), «Струнная серенада» (Э.Эльгар), «Кармен» (Ж.Бизе), және т.б.

Симфониялық оркестр дүниежүзіне белгілі дирижерлардың қатысуымен өтетін арнайы концерттік бағдарламаларды ұйымдастырады. Қазақстандық оркестрдің шеберлігін әйгілі маэстролар – И.Сук (Чехия), В.Чапек (Австрия), Э.Шмидер (АҚШ), О.Шмидт-Гертенбах, Ю.фон Бертоли (Германия), В.Федосеев, К.Орбелян (Ресей), Рин Йонг Янг (Оңтүстік Корея), Д. Бартолосси (Бразилия), Г. Эмильсон (Исландия) мойындаған. Оркестр Ресейдің (В. Спиваков, В. Третьяков, Т. Гринденко, М. Плетнев, И. Гаврыш, Э. Грач, С. Кравченко, Р. Агаронян, В. Сараджан және т.б.), Австрияның (Г. Винишхофер, Д. Шварцберг), Израильдің (М. Кугель, А. Левитан), Германияның (К. Блахер), АҚШ (А. Слободяник), Норвегияның (И. Шульдман), Швецияның (А. Стенберг) үздік орындаушыларымен бірлесе өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өнер ұжымы жыл сайын халықаралық фестивальдарға қатысып, Еуропаның (Германия, Австрия, Италия, Англия, Ресей, Франция), Азияның (Корея, Туркия, Жапония) үздік концерттік залдарында өнер көрсетеді.

Оркестр 1991 жылы әлемге танымал скрипкашы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның бастамасымен құрылған. Мемлекеттік симфониялық оркестрдің бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Бахытжан Мұсаходжаева. 




Поделиться в соц. сетях:

Видео