X
«Astana Musical» мемлекеттік театры -
«Astana Musical» мемлекеттік театры -

 еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры.

Фото

Әртіс туралы

    «Astana Musical» – еліміздегі және Орта Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры. Мюзикл – әртүрлі өнер жанрларының бір арнаға тоғысуы. Музыка, хореография, актерлік шеберлік, акробатика секілді ең озық үлгілерді біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық қойылым.

    2016 жылы құрылған «Astana Musical» мемлекеттік театрының өнерпаздары – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары. Театрдың көркемдік жетекшісі – белгілі режиссер Есләм Нұртазин.

    «Astana Musical» мемлекеттік театры «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында 2017 жылғы желтоқсан айында Европаның ең ірі бес қаласын (Париж, Мәскеу, Брюссель, Вена, Берлин) қамтыған халықаралық гастрольдік турне өткізді. 2018 жылы «Astana Musical» әлем театрларының өнер алаңына айналған «Авиньон» халықаралық театр фестиваліне қатысты.

    Мемлекеттік театрдың репертуарында «Астана – менің махаббатым», «Ер Төстік» ертегісі, ретро-хит әндерге негізделген «Достар серті» қойылымы, М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек», ақын О.Тұржанның «Мен сағындым...» поэтикалық мюзиклдері, «Қыз Жібек» этно-фольклорлық қойылымы, Р.Кунидің «№13» комедиясы, тұңғыш рет қазақ тілінде қойылған әлемге әйгілі «Ромео мен Джульетта», Гиннестің рекордтар кітабына енген «Notre Dame de Paris» мюзиклдері, "Шаңырақ" эксперименталдық музыкалық перформансы, "Сиқырлы сазды хор-концерт", "ЕНТ тапсырмаймын" драмасы, "COVID-19" би перформансы бар.

2023 жылы «ASTANA MUSICAL» театры халықаралық фестивальде бірден екі жүлдені қоржынға байлады. Оңтүстік Кореяның «DAEGU INTERNATIONAL MUSICAL FESTIVAL» фестивалінде «Роза Бағланова» мюзиклі «Үздік халықаралық мюзикл», ал театр актрисасы Зарина Макина «Үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды.

 

 

 

 

Поделиться в соц. сетях:

Видео