X
Бауыржан
Бауыржан Ақтаев

Фото

Әртіс туралы

Бауыржан Ақтаев – белгілі композитор, көптеген аспапта еркін ойнайтын талантты музыкант, "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі.  

Композитор Бауыржан Ақтаев көптеген өнер ұжымдары үшін 60 күй мен өлеңге арналған аранжировка жазған, оның ішінде 10 күйдің авторы болып табылады. Ол – «Бір кем дүние» (2013 ж.) фильміне, «Ұлы дала дүбірі» (2013 ж.), «Мәлім де беймәлім Қазақстан» (2014 ж.) деректі фильмдеріне, Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» (2015 ж.). трагедиясы бойынша «Мәңгүрт»  қойылымына музыка жазған композитор.

Білімі:
• 2008 жылы – Атырау қаласындағы Д.Нұрпеисова атындағы музыкалық колледждің музыкалық мектебі, «Скрипка» мамандығы;
• 2012 жылы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы (Алматы қаласы).

Шығармашылық жетістіктері:
• 2002 – М. Өтемісовтің 200 жылдығына арналған дәстүрлі орындау бойынша республикалық байқауда бас жүлде;
• 2005 – «Домбыра» номинациясы бойынша «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты;
• 2007 – Республикалық домбырашылар байқауында І орын;
• 2011 – «Бабалар сазы» балалар фольклорлық ансамблі «Ғасырлар Сазы» халықаралық фестивалінің лауреаты;
• 2013 – «Сүйінбай сазы» фольклорлық ансамблі ансамбльдер арасындағы байқаудың бас жүлде иегері;
• 2013 – «Ақ ерке Жайық» ансамблі Ресейдегі Халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды;
• 2013 – «Ғасырлар Сазы» Халықаралық фестивалінің лауреаты;
• 2014 – Д.Нұрпеисова атындағы музыкалық колледжінің студенттері Республикалық ансамбльдер байқауында І орын;
• 2015 – «Ақ ерке Жайық» ансамблі «Ғасырлар Сазы» Халықаралық фестивалінің лауреаты;
• «Еспай» (Қызылқоға ауданы) фольклорлық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың жетекшілігімен облыстық байқаулардың лауреаты атанды.

Поделиться в соц. сетях:

Видео