TANGO NUEVO
Күні: 22.05.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт барша өнерсүйер қауымды «Tango Nuevo» концертіне шақырады. Іс-шара барысында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі аргентиналық музыка мәдениеті мен қазіргі заманғы интерпретациялар үйлесім тапқан мазмұнды бағдарламаны ұсынады.
Іс-шара екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде «The Angel Trilogy» туындысы орындалады:
1. La Muerte del Ángel
2. La Milonga del Ángel
3. La Resurrección del Ángel
Екінші бөлімде аргентиналық композитор Фабрицио Гаттаның солист Антонино Чичероға арнайы жазған «Mi Barrio» концерті орындалады:
I бөлім. Mi Barrio
II бөлім. Martita
III бөлім. Riviver
Сондай-ақ бағдарламада П. И. Чайковскийдің «Ішекті аспаптар оркестріне арналған серенадасы» орындалады.
Дирижер – Георгий Кожабеков.
Антонино Чичеро жеке орындаушы ретінде және камералық ансамбльдер құрамында халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаты атанған. Ол бірқатар италиялық және шетелдік оркестрлермен тығыз шығармашылық ынтымақтастық орнатқан. Оның музыкалық жобалары сапасы мен өзіндік ерекшелігі үшін кәсіби сыншылар тарапынан жоғары бағаланып, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударған. 2014 жылы ол дәстүрлі танго музыкасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Atipico Danzarin» квартетін құрды. 2022 жылдың шілде айынан бастап Мессина қаласындағы Сицилияның ең көне концерттік ұйымы — Filarmonica Laudamoның көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Бұл музыкалық кеште танымал классика мен нәзік орындаушылық интерпретация керемет үйлесім табады. Танымал шығармалар оркестр мен солистің орындауында көрермен назарына ұсынылып, музыкалық форма мен интонацияның байлығын сезінуге мүмкіндік береді. Қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз