X

«QAZAQSTAN» ОКЗ туралы

   «Қазақстан» орталық концерт залы - түрлі форматтағы және жанрдағы концерттер мен іс-шараларды өткізуге арналған әлемдегі ең үлкен концерттік залдардың бірі. Бірегей, теңдесі жоқ мәдени кешенді құру идеясын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған. Авторы – әлемдегі белгілі архитекторлардың бірі Манфреди Николетти. Итальяндық сәулетші бұл керемет туындыны «Дала гүлі» деп атап кеткен. «Қазақстан» концерт залының ерекше кескіні музыка мен табиғаттың үйлесімін бейнелеп, Елордамыздың асқақ рухын көрсетеді.

   «Қазақстан» ОКЗ өзінің көп функциялығымен және жоғары сапалы акустикасымен таңғалдырады. Жылнамасы 2009 жылдың 16 желтоқсанынан басталған «Қазақстан» концерт залының әлемдік мәдениет кеңістігінің бір бөлігіне айналды. Бұл өнер ошағында отандық әртістер мен белгілі шығармашылық ұжымдар, сондай-ақ атақты шетелдік өнер жұлдыздары да өнер көрсетеді.


Залдың түрлері

Фотогалерея