X

"Бірлігіміз жарасқан" Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт

Күні: 01.05.2024 Уақыты: 18:00 Зал: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (Республика даңғылы, 2)

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты концертіне шақырады.

Концертке «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» ансамблінің балеті, «Birlik» ән және би ансамблінің би тобы және Мәдениет саласының үздігі Алтыншаш Мұқатаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Азат Мәлік пен Әлібек Әлмадиев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Гүлнар Көшенова, Әділхан Макин сынды Қазақконцерттің солистері және басқа да шақырылған қонақтар қатысады.

Қазақконцерт ұжымдары әуезді ән мен мың бұралған би ұштасқан музыкалық кеште қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты ұлттардың музыкалық мұрасы мен өнерін жан-жақты таныстыратын концерттік бағдарлама ұсынады. 

 

Музыкалық кеште Қазақстан халқының әндері мен аспаптық, вокалдық нөмірлері орындалады.  «Гүлдер» ансамблінің балеті мен «Birlik» көпұлтты ансамблі көрермен назарына көпшілік және жеке хореографиялық композициялар тарту етеді. 

 

Біз Сіздерді күтеміз, құрметті көрермен! Бұл іс-шара еліміздегі үйлесім мен достықты бейнелейтін бірегей және есте қаларлық мереке болатыны сөзсіз!

 

Поделиться в соц. сетях: