X

Ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды

29.10.2020

«Қазақконцерт» ұйымы мен И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.  Қос ұйымның басшылары Жеңіс Сейдуллаұлы және Амангелді Қожанов  өзара мәдени байланыстарды нығайтып, өнердегі озық тәжірибемен алмасу мақсатында келісімге қол қойды.

Бұдан бөлек, Қазақконцерт пен Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы да өзара ынтымақтастықты дамыта түсті. Жеңіс Сейдуллаұлы мен Қостанай облыстық филармониясының директоры Сүндет Байғожин кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық меморандум жасасты.

«Қазақконцерт еліміздегі ең ірі музыкалық ұйым ретінде әрдайым облыстық және аймақтық өнер ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуда. Биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақконцертте ашылған «Концерттік-гастрольдік қызмет бойынша республикалық орталық» өңірлер арасында осындай мәдени байланыстардың нығаюына өзінің елеулі үлесін қосуда»,- деп мәлімдеді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Поделиться в соц. сетях: