X

«Халық қазынасы» әртістері алғыс хаттармен марапатталды

11.06 .

«Халық қазынасы» бөлімінің әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева мен Ардақ Балажанова  «Biz Birgemiz» республикалық акциясына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Карантин кезінде халыққа қолдау көрсетіп, «Biz Birgemiz» республикалық акциясына қатысқан белсенділерге алғыс хаттарды ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыстады.


Қазақконцерт әртістері карантин кезінде онлайн форматтағы концерттерді өткізіп, халыққа рухани демеу берді. Сондай-ақ «Jas Otan» жастар қанатының волонтерларымен бірге карантин кезінде мұқтаж отбасыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пакеттерін дайындауға атсалысқаны мәлім.



«Biz Birgemiz» республикалық акциясы аясында Қазақконцерт әртістері әрдайым халықпен бірге екендігін тағы бір көрсете білді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: