X
«Ұлыларға тағзым» жобасы
«Ұлыларға тағзым» жобасы

 Рухы мықты, өнер философиясы терең халқымыздың өнер шежіресі Қорқыт баба, Әл-Фараби, Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған бабаларымыздан бастау алатын халық өнері мен мәдениетін барынша насихаттап, шығармаларын жаңаша сахналаудың жолында аянбай еңбек ету - «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басты міндеттерінің бірі.

Аталмыш міндетті жүзеге асыру мақсатында қазақтың ұлы тұлғаларының мерейтойларына арналған «Ұлыларға тағзым» жобасы дүниеге келіп, көрнекті жазушылар Мұхтар Әуезовтің 125, Ғабит Мүсіреповтің 120, қарымды қаламгер Ақселеу Сейдімбектің 80, талантты композиторлар Ғазиза Жұбанованың 95, Еркеғали Рахмадиевтің 90, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың 110, жезтаңдай әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерекелеріне орай ұйымдастырылды.

Фото

Видео