«КӨШПЕНДІЛЕР ӘУЕНІ» халықаралық этникалық музыка фестивалі – көшпенділер өркениетінің музыкалық мұрасын заманауи өнер кеңістігінде жаңғыртуға бағытталған бірегей мәдени жоба. Фестиваль дәстүрлі музыка мен қазіргі этно-бағыттарды тоғыстырып, ұлттық өнердің терең тамырын жаңа көркемдік көзқараспен таныстырады.
Жоба аясында көрермендер қазақ және түркі халықтарының бай музыкалық мәдениетін дәріптейтін өнер ұжымдары мен орындаушылардың шығармашылығымен танысады. Фестиваль сахнасында ұлттық мұраны заманауи үнмен үндестіретін «Түркістан» ансамблі, дархан даланың сазын жаңғыртқан «Астана сазы» ансамблі, достық пен бірлікті өнер тілімен насихаттайтын «BIRLIK» шығармашылық ұжымы, көне күйлер мен этно-фольклорлық музыканы жаңа қырынан ұсынатын «Қорқыт» ансамблі өнер көрсетеді.
Сонымен қатар фестивальге қазақ өнерінің жас буын өкілдері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысып, этникалық музыка арқылы дәстүр мен бүгінгі заман арасындағы рухани байланысты айшықтайды.
«КӨШПЕНДІЛЕР ӘУЕНІ» – бұл музыка арқылы тарих пен қазіргі мәдениетті жалғап, көрерменді ұлттық рухтың терең әлеміне жетелейтін ерекше өнер алаңы.
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз