X
 «ALEM SAZ» халықаралық музыка фестивалі
  «ALEM SAZ» халықаралық музыка фестивалі

        «ALEM SAZ» әлем елдері мәдениетін шығармашылық ынтымақтастық арқылы бір платформада біріктіретін халықаралық фестиваль.

       2022 жылы жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға және АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) құрылғанына 30 жыл толуына орай, қазақ халқының аты аңызға айналған әншісі, Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Италия, Германия, Үндістан, Ресей, Испания, Беларусь және Түркия елінің музыканттары қатысып, 13 мыңнан аса көрермен тамашалады. «ALEM SAZ» фестивалінің жабылуында «АSTANA SAZY» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің «ZAMAN» атты жаңа күйтабағының тұсаукесері де өтті.

         «ALEM SAZ» халықаралық музыка фестивалі ұлттар мәдениетін біріктіру, сақтау және дамыту, әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарау бағытына негізделген.

   

07.11.2022