X

«ЖҰЛДЫЗДАР ӘУЕНІ»: СҮЙІКТІ ӘНДЕР КЕШІ

Күні: 27.09.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Құрметті өнерсүйер қауым!

Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Эстрадалық өнер бөлімі ұсынатын ерекше музыкалық кешке шақырамыз.

Бұл кеште халыққа кеңінен танылған сүйікті әндер жаңа форматта өңделіп, жанды дауыста шырқалады. Сондай-ақ танымал орындаушылардың бірлескен коллаборациялары көпшілікке жол тартып, тыңдарманға тың серпін сыйлайды.

Сахна төрінде:

ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев,

ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Құрмаш Махан, Гүлсім Мырзабекова,

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері: Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева, Анна Уварова,

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алибек Альмадиев, сондай-ақ танымал әншілер мен халықаралық байқаулардың лауреаттары: Сұлтан Ахмет, Асылхан Шалқаров, Қуандық Шалқарұлы, Ербол Тәжібаев, Жанна Сандыбаева, Дидар Әбдухалық, Ақбөпе Әлібекова және «T&Y» дуэті, «Saz&Soul» тобы.

Қазақ эстрадасының үздік әртістерін бір сахнада тамашалайтын сирек мүмкіндікті жіберіп алмай, әуезді ән мен сезімге толы ерекше кештің куәсі болыңыздар!

Поделиться в соц. сетях: