X

«ГҮЛДЕР» АНСАМБЛІ «EXPERIENCE» атты КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАДЫ

Күні: 10.02.2024 Уақыты: 18:00 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің «Experience» атты концертіне шақырады.

Концерт барысында «Гүлдер» ансамблінің балеті жас және қалыптасқан хореографтар мен балетмейстерлердің ұлттық биден қазіргі заманға дейінгі хореографиялық өнердің түрлі бағыттарындағы жұмыстарын көпшілікке ұсынады. «Experience»-ке Қазақконцерттің танымал музыканттары, олардың ішінде аты аңызға айналған композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, «T&Y» тобы, пианист-концертмейстер Дана Молдағалиева қатысады.

Артистердің өздері қойған батыл шығармашылық шешімдер мен күтпеген хореографиялық эксперименттер әлемі көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайтыны анық. Жеке, дуэттік және жаппай хореографиялық композициялар әр орындаушының кәсіби әлеуетін аша түседі. Концерттік бағдарламаға жаңа би қойылымдары ғана емес, сонымен қатар байқауларда жүлделі болған және сарапшылардан жоғары баға алған белгілі хореографиялық қойылымдар да енеді.

«Experience»-тің ерекше бөлігі - «Saiys». «Saiys» - спорттық-бал биі мен көше би мәдениетін орындаушылардың жекпе-жегі. Бірегей сахналық тартыста көрермен екі хореографиялық әлемнің, стильдер мен энергия ұштасқан қарама-қайшылықтың куәсі болады.

Көрерменнің тек бақылаушы ғана болмай, шығармашылық процестің бір бөлігіне айналатын бірегей тәжірибе - импровизация форматында кәсіби орындаушылармен өнер көрсету мүмкіндігі болады.

Айта кету керек, былтыр көктемде «Гүлдер» ансамблінің жаңартылған құрамының керемет тұсаукесері өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі-Абзал Өсімбаев, бас балетмейстер-Анвара Садықова.

Біз Сіздерді күтеміз, көрермен! Қазақконцертте кездескенше!

 

Поделиться в соц. сетях: