VERDI. TCHAIKOVSKY. BEETHOVEN
Күні: 18.09.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Үлкен зал
Тағдыр, жігер күш пен адам таңдауы туралы сыр шертетін классикалық музыка кеші.
Осы концерт аясында әлемдік музыка өнерінің үш көрнекті тұлғасы – Джузеппе Верди, Петр Ильич Чайковский және Людвиг ван Бетховеннің шығармалары орындалады.
Кештің солисі — виолончелист Салауат Қарибаев, шығармашылық қызметі Қазақстанның жетекші концерттік сахналары мен шетелдік өнер алаңдарын қамтитын музыкант.
Бір концерттік бағдарламада үш ұлы композитор, тағдыр мен адам болмысына арналған үш түрлі көзқарас тоғысады. Вердидің драмалық қуатынан бастап, Чайковскийдің нәзік лирикасы арқылы Бетховеннің рух көтерер салтанатты финалына дейін жалғасатын бұл кеш классикалық музыканың тереңдігі мен сұлулығын жаңаша сезінуге мүмкіндік береді.
Классикалық музыканы жай ғана тыңдап қоймай, оның әсері мен қуатын жан-тәніңізбен сезінгісі келетін жандарға арналған кеш.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз