«КҮЙШІЛЕР ШЕРУІ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР КЕШІ
X

«КҮЙШІЛЕР ШЕРУІ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР КЕШІ

Күні: 19.06.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері «Күйшілер шеруі» дәстүрлі өнер кешін ұсынады.

Өнер кешінің ерекшелігі - ұлттық музыка өнерінің інжу-маржандарын дәріптеп, төл мұрамыздың рухани тереңдігін көпшілікке паш етеді. Концерттік бағдарламада халық күйлерімен қатар Тәттімбет, Қазанғап Қожеке, Дина, Аққыз секілді талантты күйшілердің тың туындылары алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылады.

Бұл шараға неліктен бару керек?

- Бұрын-соңды орындалмаған күйлердің тұңғыш рет сахнаға шығуы: көрерменге беймәлім, мұрағаттан алынған шығармалардың ұсынылуы;

- Көне аспаптардың (жетіген, саз сырнай, шаңқобыз, сыбызғы) сахналық үнін жаңғырту және түрлі аспаптар арқылы тыңдаушыға жаңа акустикалық әсер сыйлау;

- Күйшілердің жеке орындау стилін көрсету;

- Топтық синтез: дәстүрлі орындаушылық пен заманауи сахналық үлгілердің ұштасуы.

Кеш қонақтары:

- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Мұхаметжан Тілеуханов, Абылғазы Ахмадиев, Бақытжан Дүйсенғазинов

- Мәдениет саласының үздігі: Болат Тәкішев, Жұмабек Қадырқұлов, Батырлан Әбенов

- Республикалық байқаулардың лауреаттары: Ақжусан Иманғазықызы, Динара Нұрбаева

- Сондай-ақ, көрермендер «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы әртістерінің өнерін тамашалай алады.

Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз! Сахна төріндегі өнер кешін бірге тамашалайық!

Поделиться в соц. сетях: