X

СИМФОНИЯ КЕШІ

Күні: 26.03.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Көктемнің әдемі кешінде Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі барша өнерсүйер қауымды мәдени іс-шараның қонағы болуға шақырады.

Сахнада Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, танымал скрипкашы Айман Мұсахаджаева және Берлин операсының жетекші альтисті Андрей Гридчук. Дирижері - Мәскеу жастар симфониялық оркестрінің бас дирижері Михаил Кирхгофф.

Концерт бағдарламасы екі көлемді шығарманы қамтып, әрқайсысы өзіне тән музыка әлеміне жол ашады:

Арам Хачатурян. Оркестр мен скрипкаға арналған концерт

Алғашқы премьерадан бастап скрипкалық репертуардың ажырамас бір бөлігі саналатын бұл концерт шығыс мотивтері мен әсерлі сәттерге толы.

Брюс Берлинер. «Jacob’s Dream» симфониясы

Бұл - Иаковтың библиялық оқиғасынан шабыт алған терең әрі мистикалық шығарма. Аталған музыкада оркестрдің үні арқылы альттың терең және ерекше дыбысы естіледі.

Концерт - танымал туындыларды әлемдік жұлдыздардың орындауындағы тыңдаудың сирек мүмкіндігі. Қапы қалмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: