СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ: ЖАҢА ӘЛЕМ
Күні: 04.06.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт Сіздерді Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті – «Жаңа әлем»-ге шақырады.
Бұл кеш ұлттық музыкалық бастаулардан әлемдік симфониялық кеңістіктерге дейінгі музыкалық саяхат болмақ. Концерт бағдарламасында қазақ классикасы, заманауи авторлық музыка және әлемдік сахнаның ең ұлы симфониялық жауһарлары бірігеді.
Көрермендер үшін А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан алынған жарқын «Үш би» («Три танца») орындалады, Шырын Базаркулованың скрипка мен оркестрге арналған концерті, сондай-ақ Антонин Дворжактың әйгілі №9 симфониясы «From the New World» ұсынылады.
Концерттің басты туындысы – «Жаңа әлем» идеясына, мәдени кешке негіз болған Дворжактың №9 симфониясы.
Баршаңызды ұлттық музыка мен әлемдік симфониялық классиканы біріктірген «Жаңа әлем» концертінде күтеміз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз