ФОРТЕПИАНО КВАРТЕТІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ
Күні: 06.12.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы фортепиано квартетінің музыкалық кешіне шақырады.
«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы - Қазақстанның жетекші камералық-аспаптық ансамбльдерінің бірі, отандық және халықаралық сахналарда кеңінен танылған ұжым. Ансамбльді белгілі пианист, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев құрған болатын. Ол классикалық ансамбльге скрипканы (Мақсат Жүсіпов), виолончельді (Мұрат Нарбеков) және фортепианоны (маэстроның өзі ойнайды) біріктірді. Жоғары кәсібилігі мен кең репертуары, сондай-ақ, аспаптарының құрамы жағынан ансамбль Қазақстанның академиялық өнерінің ең жарқын өкілдерінің бірі болып есептеледі.
Концертке терең сезім мен нәзік орындау мәнері арқылы тыңдарман жүрегін баураған белгілі музыкант Леонид Мысовский (альт) қатысады.
Кеш бағдарламасында романтикалық дәуірдің екі маңызды шығармасы орындалады:
Иоганнес Брамс. Фортепиано квартеті, соль минор, op. 25 №1
Габриэль Форе. Фортепиано квартеті, до минор, op.15 №1
Бұл екі туынды - камералық музыка әлемінің биік шыңдары. Оларда сезімнің кең өрісі мен әуеннің поэтикалық көркемдігі үйлескен. Бағдарлама романтизмнің екі қырын ашады: Брамстың қуатты драматизмі мен Форе туындыларының нәзік лиризмі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз