«ДОДА» өнер сайысы
Күні: 27.02.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Елімізде алғаш рет екі ірі мәдениет ошағы бір сахнада кездесіп, ерекше шығармашылық додаға қатысады! Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Халық әні бөлімі бірлесіп «Дода» атты бірегей жобасын ұсынады.
Бұл шараға неліктен бару керек?
- Тартысқа толы шығармашылық сайыс және тамаша шоу-бағдарлама: cахнада шебер күйшілер, ансамбльдер мен солистер халық музыкасының үздік туындыларын және хореографиялық қойылымдар ұсынады;
- Ерекше формат және қызықты сұрақ-жауап бөлімі: қатысушылар тек жоғары орындаушылық шеберлігімен бөлісіп қана қоймай, көрерменге қазақ өнерінің қыр-сырын ашады;
- Ұлттық өнерді насихаттау: жоба көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, оны әрбір көрерменге жақын әрі түсінікті етеді.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз! Сахна төріндегі өнер додасын бірге тамашалайық!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз