X

Салтанат Ахметованың жеке шығармашылық кеші

Күні: 03.05.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметованың мерейтойлық шығармашылық кешіне шақырады.

Концерттік бағдарламада әлемдік классикалық музыка туындылары көрермен назарына ұсынылады. Кеш барысында Вольфганг Амадей Моцарт, Джоаккино Россини, Гаэтано Доницетти, Жюль Массне сынды ұлы композиторлардың операларынан ариялар, дуэттер мен сахналық көріністер орындалады. Сонымен қатар, оперетта жанрындағы танымал шығармалар мен әлемдік хит туындылар шырқалады.

Іс-шараға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Расул Жармағамбетов (баритон), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Артур Габдиев (тенор) қатысады.

Іс-шара Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Салтанат Ахметова опера әншісі (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол Италияның Озимо қаласындағы Вокал өнері академиясында тағылымдамадан өткен. 2008 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тәмамдады. 2009 жылы Италияның Озимо қаласындағы Вокалды өнер академиясында (Accademia d’Arte Lirica) тағылымдамадан өтіп, сондай-ақ, әлемге танымал музыканттардың шеберлік сабақтарына қатысқан.

Поделиться в соц. сетях: