Ақын-сазгер Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» шығармашылық кеші
Күні: 31.08.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт 2025 жылғы 31 тамыз күні сағат 19:00-де ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі, республикалық, халықаралық патриоттық әндер конкурстарының лауреаты Ерқожа Тілепбердиевтің «РУХ ҚАНАТЫНДА!» атты шығармашылық кешіне шақырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған бұл ерекше кеш жүректен шыққан жыр мен елдік рухтың көркем көрінісі.
Ата Заңымыздың қадір-қасиетін ұлықтау, автордың патриоттық әндері арқылы жастарды елге қызмет етуге баулу, рухани құндылықтар мен әскери борыштың маңызын түсіндіруге бағытталған кеште:
- Алғаш рет Қазақконцерт пен Күштік құрылым өнерпаздары бір сахнада бас қосады;
- Кеш барысында әскери оркестрлер, хорлар, этно-фольклорлық және эстрадалық ансамбльдер, театр әртістері өнер көрсетеді;
- Көпшілікке беймәлім, сирек орындалатын әскери-патриоттық әндер мен поэтикалық көріністер ұсынылады.
Кеште Қазақконцерт әртістері мен шығармашылық ұжымдары, ҚР Ұлттық Ұланының Ән-би ансамблінің солистері, «Ерлер» хоры және әскери оркестрі, Президенттік Күзет қызметі оркестрі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ансамблі, ҚР ҰҚК Шекарашылар қызметі ән-би ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетеді.
Кешке өнер жұлдыздары және шет ел әншілері қатысады.
Ел рухын асқақтатар, тыңдарманның жүрегін тербейтін шынайы өнер кешін тамашалауға асығыңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз