X

«АЛДАСПАН» шығармашылық жыр кеші

Күні: 19.12.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал

Қазақконцерт кәсіби жыршы, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпеннің «АЛДАСПАН» атты лекциялық шығармашылық жыр кешіне шақырады.

Бұл кеште қазақтың қасиетті қара домбырасының үні күмбірлеп, халқымыздың рухани мұрасын құрайтын сырлы термелер, ерлік пен елдікті ту еткен жампоз жыр-толғаулар орындалады. Атап айтқанда, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Ақтамберді, Қазтуған, Шал ақын мен Бұхар жыраудың және т.б. шығармалары көрермен назарына ұсынылады.

Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері Ерболат Шалдыбеков, Мақсат Медеубек, Әлихан Дүйсенбай және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысады.

«АЛДАСПАН» - өнердің құдіретін бірге сезініп, рухани шабытқа бөлейтін шығармашылық жыр кеші. Жіберіп алмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: