SULU: ХОР-КОНЦЕРТ
Күні: 06.03.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Камералық зал
Көктемнің шуағы мен жылуын паш ететін 8 Наурыз мерекесіне орай көрермендер үшін ерекше музыкалық бағдарлама ұсынылады. «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры дайындаған «Сиқырлы сазды хор-концерт» атты театрландырылған шоу мерекелік әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағалы тұр.
Бұл кеш сахналық өнердің әсемдігі мен шынайы эмоцияны жоғары бағалайтын жандар үшін ерекше тарту болады. Бағдарламадағы әрбір шығарма вокал, пластика, би және актерлік шеберлік арқылы театрландырылған формада ұсынылып, көрерменге айрықша әсер қалдырады.
Кеш бағдарламасында қазақтың халық әндерінен хор интерпретациялары, ретро-композициялар, сондай-ақ әлемге әйгілі орындаушылардың әндері ұсынылады. Олардың қатарында Майкл Джексон, Фредди Меркьюри және Пол Маккартнидің туындылары бар.
Театрландыру мен сахналық көркемдік концерттің жеңіл шабыттандыратын әрі көктемге тән мерекелік атмосферамен толықтырады.
«Сиқырлы сазды хор-концерт» жүректерді тербейтін әуен мен сұлулыққа толы кеш. Бұл шара 8 Наурыз мерекесінің лайықты сәніне айналып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды. Мерекелік концертті жіберіп алмаңыз, өзіңізге және жақындарыңызға ерекше көңіл-күй тарту етіңіз.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз