"Suiemin"
Күні: 16.05.2026 Уақыты: Зал:
GO Symphony симфониялық оркестрдің қуаты мен заманауи сахна жұлдыздарының жарқын дауыстары тоғысқан бірегей жоба, «Suiemin» атты ерекше музыкалық концертін ұсынады.
2026 жылғы 16 мамыр, сағат 19:00-де «Қазақконцерт» залында GO Symphony оркестрінің Ренат Ғайсин жетекшілігімен өтетін «Suiemin» концерті ұйымдастырылады.
Бұл кештің басты ерекшелігі — елге танымал, ірі сахналарда өнер көрсетіп жүрген әрі мыңдаған тыңдарманның сүйіктісіне айналған әртістер. Бір сахнада үш бірдей жарқын вокалист — Қазыбек Құрайыш, Әмре және Ильхан Ихсан өнер көрсетеді.
Сүйікті орындаушыларды ерекше форматта, жанды симфониялық оркестр сүйемелдеуімен тыңдауға берілген сирек мүмкіндік. Олардың танымал дауыстары, қуатты орындау мәнері мен эмоционалды музыка оркестрлік өңдеуде мүлде жаңа ауқымдырақ, тереңірек әрі әсерлірек қырынан ашылады.
GO Symphony әр концертті симфониялық оркестрдің қуаты мен заманауи вокалдың үйлесіміне айналдырады.
«Suiemin» — жүрекке жететін, әр әуені үлкен симфониялық кеңістіктің бір бөлігіне айналатын кеш. Сүйікті әртістеріңізді ерекше оркестрлік интерпретацияда көру және тыңдау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Көрерменге ерекше эмоция сыйлап, көктемнің ең жарқын музыкалық оқиғаларының біріне айналатын концерттен қапы қалмаңыз.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз