X

Еділ Басығараевтың «КҮЙ ШАҚЫРҒЫШ» күй кеші

Күні: 06.11.2024 Уақыты: 19:00 Зал: камералық зал

Мәдениет саласының үздігі, Мәдениет қайраткері, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Қазанғап мектебінің ізбасары, күйші-композитор Еділ Басығараев «Күй шақырғыш» атты жеке концертіне шақырады.

Кеш Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығына арналған.

Концертте

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева;

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз; республикалық конкурстардың лауреаты Әлихан Дүйсенбай өнер көрсетеді.

Кеш жүргізушісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші, профессор Жанғали Жүзбай.

Концерттік бағдарлама тек Қазанғаптың күйлерінен тұрады. Күй кешінде Қазанғаптың нотаға түспеген екі күйі орындалады. Әр күй орындалмас бұрын шығу тарихы баяндалып, тыңдармандарға қазақ мәдениетінің философиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ұлттық өнер ұлықталған рухани кештен қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: