СОҢҒЫ ЕМТИХАН
Күні: 03.10.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал
Қойылым Людмила Разумовскаяның «Дорогая Елена Сергеевна» пьесасы негізінде сахналанған.
Сюжеті аса қызық. Бітіруші сынып оқушылары ұстазын туған күнімен құттықтауға келеді. Сырттай қараған адамға жылы тосынсый секілді, алайда іс мүлде басқаша: мұнда әрқайсысының өз мақсаты бар, оған жету үшін бір-ақ қадам қалған. Кейіпкерлер өз ар-ожданымен келісе ала ма? Олар қай шекке дейін баруға дайын? Өйткені жеке мүдде жолындағы күресте бар амал жарамды…
Қойылымда ұрпақтар қайшылығы, өсіп келе жатқан буынның қиындықтары, оқушылардың ата-анасымен, ұстаздарымен және қоғаммен қарым-қатынасы секілді мәселелер көтеріледі. Өткен ғасырдың 80-жылдарында үлкен резонанс тудырған туынды бүгінде де өзектілігін жойған жоқ.
Қоюшы режиссёрі — Astana Musical театрының көркемдік жетекшісі Еслям Нұртазин.
Назар аударыңыз! Іс-шара қазақ тілінде өтеді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз111