ӘСЕМ ҚОҢЫР
Күні: 16.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Кіші залында күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсем қоңыр» концерті өтеді.
Тағылымды кештің мақсаты - Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, ұлттық күй өнерінің көркемдік ерекшелігін жаңа буын тыңдарманға таныстыру.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілғазы Ахмадиев, PhD докторы, күйші-зерттеуші Айтолқын Тоқтаған, күйші Мұқағали Рысқалиев, республикалық байқаулардың лауреаттары Айшолпан Қасымова мен Бекнұр Әбдіжәли, сондай-ақ жас домбырашылар Қадірәлі Бүркіт, Валерия Бөлекбай, Адинай Бағаева, Дана Дидар және қыздар ансамблі өнер көрсетеді.
Бағдарламада Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Байжұма», «Домалатпай», «Науысқы», «Тарту-Сәлемдеме», «Ана бұйрығы», «Жігер» күйлерімен қатар Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Жантөре, Қазанғап, Сүгір және өзге де дәулескер күйшілердің шығармалары орындалады.
«Әсем қоңыр» - ғасырлардан жеткен күй мұрасын ұлықтап, ұлттық өнердің сырлы әлеміне жетелейтін рухани кеш.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз