X

Қазақ музыкасының жауһарлары

Күні: 02.12.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Қазақ музыкасының классикалық жауһарлары орындалатын ерекше концертке шақырамыз!

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Қазақ музыкасының жауһарлары» концерті ұлттық кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан көрнекті композиторлардың шығармашылығына арналған.

Концерт бағдарламасында қазақ классикалық музыкасының алтын қорынан орын алған туындылар орындалады. Көрермендер Е.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, К.Қожамияров, Н.Тілендиев, Ғ.Жұбанова және Е.Рахмадиев сынды қазақ классикалық музыкасының негізін қалаған аға буын композиторларының шығармаларымен таныса алады.

Сахнада симфониялық оркестрмен бірге еліміздің белгілі опера әншілері өнер көрсетеді.

Классикалық музыканың байлығы мен кәсіби өнердің асқақ үні тоғысатын кешке шақырамыз!

Поделиться в соц. сетях: